Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады

Ғалиасқар Думан

Бүгін, 25 желтоқсанда, Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлады. Оқиға орнынан видео желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан кадр

Кадрларда ұшақ күрт биіктігін жоғалтып, құлап бара жатқаны көрінеді.

Оқиға орнына арнайы қызметтер жеткен.

Оқыс оқиға Сайын Шапағатов ауылында болғанын хабарландыү.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алғанын мәлім етті.

"Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы рейстік ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Арнайы тергеу жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Желтоқсанның аяғы қазақстандықтар үшін ірі ұшақ апатын еске салады да тұрады. Биыл Алматыдағы Bek air Fokker 100 ұшағының құлағанына 5 жыл болады. Астанаға бет алған Z92100/BEK2100 нөмірлі ішкі рейс әуе көлігі көтерілмей жатып оң жаққа күрт қисайып, артқы жағы бірнеше рет жерге тиіп, бетон қоршауды бұзған күйі әлі салынып бітпеген екі қабатты үйге соғылған.

Қайғылы жағдайдан 1996 шығарылған ұшақтағы 98 адамның 12-сі қаза тапқан.