Қазақстан солтүстік облыстарды газдандыру мәселесін ресейлік газ арқылы шешіп жатыр

Ғалиасқар Думан

Қазақстан мен Ресей Федерациясы республиканың солтүстік облыстарын ресейлік газ импорты есебінен газдандыру мәселесін шешуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше, Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы экспорттық газ құбырын салу жобасы ұсынылуда, деп жазды ресейлік eprussia.ru басылымы.

“Сәтқалиевтің айтуынша, «ҚазТрансГаз» компаниясы «Газпроммен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Қазақстан бұл транзиттік газ құбыры жобасын қолдайды және оны солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесінің шешімі ретінде қарастырады” делінген хабарламада.

Басылым қазақ энергетиктері бірнеше нұсқаны талқылап жатқанын жеткізді.

“Ресейлік көздер арқылы газдандыру мүмкіндігінен бөлек, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын ұзарту жобасы да қарастырылуда. Осы мәселені шешу үшін екі нұсқа салыстырылып жатыр” дейді портал.

Бұған дейін Сәтқалиев  Қазақстанда жанармай қымбаттайтынын мәлім еткен.