Туыстары мен достары бар: Бозымбаев ұшақ апатына қатысты журналистерге өтініш айтты

Ғалиасқар Думан

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, қаза болған жолаушылардың туыстары мен жақындарының сезіміне құрметпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, қазақстандық басылымдардың бірінде марқұмдардың дене бөліктері түсірілген видео жарияланған.

"Осыны пайдаланып журналистерге өтініш айтқым келеді. Біздің басылымдардың бірі дене мүшелерінің фрагменттері бейнеленген видео жариялады. Әдеп сақтаңыздар. Мұны туыстары мен достары көріп отыр. Хайпқа салып журналистер күйген, пішіні бұзылған денелердің фрагменттерін көрсетеді. Қаралым көп жинайсыздар, бірақ марқұмдардың мыңдаған туыстары мен достарын құрметтеңіздер», деді Бозымбаев.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.