Йеменнан Израиль әуе күштерінің Иранды қолдайтын қарулы хусит қозғалысының бақылауындағы екі қаласына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс бомбаланған әуежайда болғанын айтты.
«Біз Санадан ұшатын рейске отырғалы жатқанбыз, ол кезде, шамамен екі сағат бұрын әуежай әуе бомбасының астында қалды. Біздің ұшақ экипажының бірі жарақат алды. Әуежайда екі адам қаза тапқаны хабарланды. Басқару мұнарасы, ұшу залы – бізден бірнеше метр жерде ғана болды және ұшу-қону жолағы да зақымдалды», – деп жазды ДДҰ бас директоры X-те.
Хусийттер телеарнасы үш адам қаза тапқанын хабарлады. Израильдің мәлімдеуінше, соққылар Санадағы әуежайға, екі электр станциясы мен үш портқа түскен – олардың бәрін израильдік қолбасшылық мәлімдемеде «әскери инфрақұрылым» деп атады.
Гебрейюс, мәлімдегендей, өзі және оның ДДҰ және БҰҰ-дағы әріптестерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, олар қауіпсіз жерде. Алайда ол бүлінген әуежай қалпына келтірілмейінше Йеменнен шыға алмайтынын жеткізді.