Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан мен Ресей тергеуге қатыстырылатын болды

Ғалиасқар Думан

Әзербайжан мен Ресейге Ақтаудағы ұшақ апатының мән-жайын тергеуге рұқсат етілді, бірақ олардың қатысуы шектеулі болмақ. Бұл туралы 26 желтоқсанда өткен брифинг барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азамат Сарсенбаев / Reuters

«Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес келетін қылмыстық істі тергеуге қатысуға рұқсат етілмейді. Бірақ олар ұшақ апатын тергеуге қатысады», - деді Бозымбаев.

Премьер-министрдің орынбасары бұл істегі сот-медициналық аспектісіне қатысты Қазақстанның толық юрисдикциясы сақталғанын, ал Әзербайжан мен Ресей өкілдерінің қатысуы техникалық тергеуге қатысты ғана болатынын түсіндірді.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.