Ақтаудағы апатты "жылы жабу" үшін ешқандай келіссөз болған жоқ – Ресей СІМ мәлімдемесі

Ғалиасқар Думан

Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатын "жылы жауып" қою үшін Ресей тарапы Қазақстан мен Әзербайжан сыртқы істер ведомствосы өкілдерімен келіссөз жүргізді деген ғаламторда тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

banks-finance.ru

Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Интернетте НАТО елдерінде орналасқан шетелдік агенттердің ұйытқы болуымен Ресей Сыртқы істер министрлігі Орталық аппаратының кейбір жоғары лауазымды қызметкерлері Әзірбайжан мен Қазақстан сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда болған ұшақ апатының нұсқаларын әзірлеу үшін келіссөз жүргізді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Аталған елдердің сыртқы істер министрліктерімен бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізілген жоқ”, деп жазды министрліктің баспасөз қызметі Телеграмда.

Ұшақ апатының себептерін тексеруді тиісті ведомстволар жүргізіп жатқаны жазылған ресми мәлімдемеде мұндай жалған ақпараттың астарында саяси тапсырыс жатқанын атап өткен.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.