Қазақстанда мобильдік ақша аударымдарын тексеру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Тиісті өзгерістерге ұлттық банк келісімін беруі керек.
НЕ ӨЗГЕРЕДІ
Кірістер комитеті ендігі кезекте жеке тұлғаның банктік шотына үш ай қатарынан ай сайын 100-ден астам түрлі тұлғалардан аударымдар түсіп, олардың жалпы сомасы 3 ЕТЖ-дан (2024 жылы 255 мың теңге) асса, тексеру жүргізілетініна айтады.
Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тек жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келсе ғана тексеріледі.
Заң бойынша кәсіпкерлік қызметпен тіркелмей айналысатын жеке тұлғаларға айыппұл қарастырылған:
- Бірінші рет бұзғаны үшін – 15 АЕК (2024 жылы 55 380 теңге);
- Қайталанған жағдайда – 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге).
САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНА ӨТЕТІН АҚПАРАТ
Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті. Банктер бұл деректерді мемлекеттік кірістер органдарына төмендегі кезеңдер бойынша береді: