Қазақстанда 2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 22:30-дан бастап Жамбыл және Қарағанды облыстарында Екатеринбург-Алматы тас жолында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп.
“2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:40-да Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2214-2295 шақырымы, Жамбыл облысы шекарасы-Каншенген ауылы учаскесіне автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған”, деп жазды “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ.
Жолды 2024 жылғы 31 желтоқсан күні сағат 03:00-де ашу жоспарланған.