Тайландтық трафик, аустралиялық "матрац" – Астанада халықаралық есірткі арналарының жолы кесілді

Сырым Қаржас

Астанада Тайландтан ұйымдастырылатын есірткі трафигінің жолы жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

КазТАГ

Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен «Заң және Тәртіп» нарративті ақпараттық қамту шарасы аясында 6 есірткі сатушы ұсталды, 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, қалғандарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

“Есірткі контрабандасының төрт жағдайы анықталды. Мысалы, фигурант ұсталып, оның көлігінен Алматыдан жеткізу арқылы алынған 4,9 кг мефедрон тәркіленді. Батыс Аустралиядан үрлемелі матрасқа жасырылып жеткізілген 914 гр марихуана контрабандасы анықталды. Бұл бойынша 4 адам ұсталды”, деп жазды елордалық прокуратура.

Сондай-ақ Таиландтан халықаралық есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған қылмыскердің заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Олардан 998,43 гр кептірілген марихуана тәркіленген.

Иран Ислам Республикасының азаматы ұсталып, одан пәтерін тінту кезінде ұлыбританияның пошталық бандероліне салынған 151,20 гр кептірілген марихуана тәркіленіпті. 

“Қылмыстық кодекстің 296 және 297-баптарына сәйкес барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды”, делінген Астана қалалық прокуратураның ақпаратында.

Еске сала кетсек, өткен аптада Жетісуда есірткі зертханасы жойылып, 6 келіден астам мефедрон тәркіленгенін жазғанбыз.