Алдымызда не күтіп тұр: Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына арналған жұлдыз-жорамал

Сырым Қаржас

 Ulysmedia.kz редакциясы атқамінерлерге 2025 жылы жұлдыздар қалай әсер ететінін болжап, осыдан бір жыл бұрын жасалған болжамдардың қайсысы дәл, қайсысы қиыс кеткенін еске түсірді. 

Жасанды интеллект/Ulysmedia

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Торпақтар үшін Жылан жылы – ішкі қайшылықтарды шешу, мақсаттар қою және жоспарларды ойластыру уақыты.

Қасым-Жомарт Тоқаев/Ақорда

2025 жыл Тоқаев үшін күрделі әрі нәтижелі жыл болмақ. Айта кетейік, Қазақстан президенті жұлдыз жорамал бойынша – Торпақ. Торпақтар өзгеріс жасауға құмар келеді, бұл қасиеті келер жылы күшейе түсуі мүмкін. Сонымен қатар оған Юпитердің ықпалын да ескерген жөн, сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлына саяси сынақтарға дайын болу қажет. Дегенмен жағдайға тым уайымдаудың қажеті жоқ, өйткені Торпақ-Жылан – ең тұрақты белгілердің бірі. Торпақ – сабырлық пен тепе-теңдіктің, Жылан – тұрақтылық, есепшілдік және практикалықтың белгісі. Осылайша, мемлекет басшысы нық қадам жасап, өзінің жоспарланған бағытын ешкім бұза алмайтындай сенімді болмақ.

Экономиканың күрделі жағдайы қосымша күш пен реформаларды талап етуі мүмкін. Әлеуметтік бағдарламалар, жұмысқа орналасу және білім беру мәселелері алдыңғы қатарға шығып, президентке басқа белгілермен (адамдармен) келісім табуға және диалог жүргізуге тура келеді.

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛҒА СЕНУ КЕРЕК ПЕ

Астрологиялық болжамдар – тек көңіл көтеру үшін жасалатын дүние, сондықтан оларды тым байыпты қабылдаудың қажеті жоқ. Дегенмен, 2019 жылы астрологтар Торпақтарға өзгерістер, көпшіліктің мойындаюы және мансаптық өсу болатынын болжаған еді және бұл болжамдар Тоқаев үшін шындыққа айналды. 2025 жыл да қызықты әрі маңызды оқиғаларға толы болатыны анық.

2024 ЖЫЛДАҒЫ ЖОРАМАЛ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛДЫ

2024 жылы жұлдыз-жорамал бойынша, Тоқаев бақылағыштығы мен кез келген істі шығармашылық тұрғыда шеше білуінің арқасында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, маңызды әрі ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыруы тиіс еді.

Расында президент көптеген кездесулер мен келіссөздер өткізіп, бірнеше жаһандық саммиттерге қатысты, шетелге оннан астам ресми сапар жасады. Сонымен қатар ол Қазақстанға атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін дәлелдеп, бұл идеяны халықтың басым бөлігі қолдады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ

Суқұйғыш ұзақ уақыттан бері мазалаған маңызды мәселелерді шеше алады. Жұлдыздар Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев үшін 2025 жылды оқиғаларға толы, жаңалықтар мен күтпеген бұрылыстарға толы кезең болатынын болжайды. Суқұйғыштардың энергиясы маңызды реформаларды жүзеге асыруға және әріптестерімен тиімді жұмыс істеуге жеткілікті болады.

Мәулен Әшімбаев/Сенат ресми сайтынан

Әшімбаевқа жұлдыздар жергілікті және халықаралық платформаларда жақсы қырынан көрінетініне болжам жасайды. Оның қырағылығы жақтастарымен де, қарсыластарымен де ортақ тіл табуға көмектеседі. Бұл таңғалудың қажет жоқ, себебі Суқұйғыш аналитикалық көзқарасты қажет ететін кез келген мәселені шешуге қабілетті және оқиғалардың дамуын алдын ала болжай алады. Жылан-Суқұйғыштар жағдайды интуитивті сезініп, «желдің қайдан соғып тұрғанын» еш қиындықсыз түсіне алады.

Суқұйғышты айсбергпен салыстырады – су бетінде ол тек өзі көрсеткісі келгенін ғана көрсетеді, ал қалғаны су астында қалады.

2024 ЖЫЛҒЫ БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2024 жылы жұлдызшылар Суқұйғыштардың жаһандық ұжымдық процестерге белсенді қатысып, ауқымды шараларға араласып, өз ықпалының күрт артқанын сезінетінін болжаған еді.

Расында, Мәулен Әшімбаев елдің екінші тұлғасы ретінде президент Владимир Зеленскийдің мәлімдемелерін түсіндіру, Рим Папасымен кездесу, сондай-ақ бюджет пен Ұлттық қор мәселелерін талқылау сияқты маңызды міндеттерді орындады.

2025 жыл Мәулен Әшімбаев үшін жаңа белестер мен жетістіктерге толы болатыны сөзсіз.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ

Арыстан үшін күш-қуаттың артуы кез келген мәселені оңай шешуге мүмкіндік береді. Жұлдыздар 2025 жылы Арыстандардың көшбасшылық қасиеттерін тиімді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жететінін болжайды. Астрологиялық болжамға сәйкес, бұл жыл тұрақтылық пен сенімділік әкеледі, сондай-ақ жаңа бастамалар, серіктестік пен ынтымақтастық уақыты болуы мүмкін.

Ерлан Қошанов/inbusiness.kz

Арыстан барлық тараппен келіссөз жүргізе алады. Бұған таң қалудың қажеті жоқ, себебі бұл белгі қиын жағдайлардан шебер шыға біледі. Ал Жыланның қасиеттерімен үйлескенде, тапқырлық пен икемділікке ие болып, күшін бекер жұмсамайды. Ол теңгерімділігін сақтап, айналасын бақылауда ұстай алады, кез келген қақтығыста сабырлы болып, жағдайды дағдарысқа жеткізбейді. Арыстан мақсатқа аспай-саспай жетеді.

2024 ЖЫЛҒЫ БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2024 жылы жұлдыздар Ерлан Қошановтың қызмет саласын өзгертуі мүмкін екенін болжаған еді. Алайда Ulysmedia.kz күзде мәжілісмендердің рейтингісін құра отырып, Қошановтың өз позициясын сенімді сақтап, ешқайда кетуге ниетті емес екенін атап өтті.

Ерлан Қошановтан министрлер де, депутаттар да өз сыбағасын алды. Бірақ өзінің ізашарына қарағанда, ол орталықшыл ұстаныммен жұмыс істеп, халық қалаулыларын біріктіре білді және ешкімнің жағына шыққан жоқ.

2025 жыл Қошанов үшін жаңа белестер мен маңызды бастамаларға толы болуы мүмкін.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ

Мергенге ең батыл жоспарларын жүзеге асыруға сақтық, тәртіп және энергия көмектеседі.

2025 жыл Үкімет басшысы үшін күтпеген тосынсыйларға толы болады деп болжануда. Жұлдыз-жорамал бойынша, Мерген белгісіндегі Олжас Бектенов оптимистік көзқараста болып, кез келген арманы мен жоспарын жүзеге асыруға жеткілікті энтузиазмға ие болады.

Олжас Бектенов/Үкімет сайтынан

Жұлдыздардың айтуынша, Жылан жылында туған Мерген салқынқандылықты сақтай отырып, дереу шешім қабылдауды үйлестіре алады, сондықтан оның ойлары мен жоспарларын алдын ала болжау қиын. Мерген сырттай ашықтық танытқанымен, бұл белгі әрдайым өз ойымен жүреді.

2024 ЖЫЛҒЫ БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2024 жылы жұлдыздар Бектеновке белгісіздік, хаос жағдайында әрекет ету дағдыларын дамытуға және басқалардың амбициясын ескеруді ұсынған еді. Ақпан айында премьер-министр қызметіне кіріскенде, ол бұл кеңестерді ескерді ме, жоқ па, белгісіз. Бірақ жұлдыздардың сыртқы қарсылықтарды жеңуге тура келетінін болжағаны айдай келді.

Себебі су тасқыны мен экономикалық жағдай қыркүйекке қарай Үкіметтің отставкасы туралы қауесеттердің шығуына түрткі болды. Алайда елдегі күрделі жағдайға байланысты президент Үкімет құрамын өзгертпеуді шешіп, Бектенов премьер-министр қызметінде қалды.

2025 жыл Мергеннің салқынқандылықпен қимылдап, шығармашылық көзқарас және шеберлігін толық пайдаланатын уақыты болмақ. Бұл жыл оны жаңа белестер мен жетістіктерге жетелейді.