Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтарының IQ деңгейі жақсы жаққа - +0,01 балға өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"IQ халықаралық тізілімі" порталы 2024 жылы бірыңғай тесттен өту нәтижелерін жариялады. Порталда әлемдік орташа деңгей үшін 100 бал қабылданатыны айтылған. Тест еркін қолжетімді әрі одан кез келген адам өте алады.
НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ
2024 жылы сынақтан өткен қазақстандықтар 127 ел арасында 66-шы орынды көрсетті. 97,27 балдың орташа нәтижесіне жетті. Бұл 2023 жылғы 0,01 деңгейге жақсырақ.
Бірінші орында Қытай тұр. Ол елде нәтижелер орташа деңгейден жоғары - 107,43 бал.
Бұл рейтиңді объективті деп айту қиын, өйткені көп нәрсе елдің қанша азаматы тест туралы біліп қана қоймай, одан өтетініне байланысты. Мысалы, 2024 жылы Қазақстанда 5 732 адам тест тапсырса, 2023 жылы 6 329 азамат тест тапсырған. Мысалы, Ресей 103,31 бал жинап, 6-шя орынға ие болды. 2024 жылы 20 мыңға жуық адам тесттен өтті. Ал 2023 жылы 90 мыңнан астам адам тапсырған. Нәтижесінде өсім шамамен 2,5 балды құрады.
Екінші жағынан, портал нәтижелер шындыққа жақын деп сендіреді. Біріншіден, тест барлығына бірдей, екіншіден, тестіленушілер санының күрт өзгергеніне қарамастан, қорытынды бұрынғыдан іс жүзінде қатты алшақ емес.
ОРТАША IQ-ГЕ ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕДІ
Порталдың пікірінше төрт негізгі фактор бар:
Яғни, салауатты тамақтану әдеттеріне ықпал ететін және өз азаматтарын интеллектуалды ынталандырушы қызметке шақыратын денсаулық сақтау жүйесі жақсы елдерде орташа IQ деңгейі жоғары болады.