Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы біртіндеп өсе бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 527,30 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1 теңгеге жоғары. Қазір айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 530 теңгеге сатып алынады, 536 теңгеге сатылады.
ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ
Былтыр 28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.
Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.
Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.