Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі ауыл тұрғындары жаппай төбелесіп, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
29 желтоқсанда Жаңаауылдың 30 тұрғыны Сафон ауылына келіп, белгілі бір мәселені шешіп алмақ болған. Алайда екі ауылдың тұрғындары сөзге келісе алмай, төбелес басталып кеткен.
Салдарынан бірнеше адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, бір адам қаза тапқан.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
ТАҒЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Куәгерлердің сөзінше, сол күні Сафон ауылының қырыққа жуық тұрғыны Жаңаауылға үш көлікпен келген көрінеді. Төбелес кезінде Сафон ауылының 29 жастағы тұрғыны мерт болған.
Сонымен қатар, аудандық ауруханаға 20 және 33 жастағы екі ер адам жеткізілген. Тергеу аясында оқиғаға қатысы бар жеті күдікті ұсталған. Өзге мән-жай әзірге белгісіз.