Экология талаптарын бұзған: Энергетика министрлігі NCOC компаниясын сотқа берді

Сырым Қаржас

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты министрліктің пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рахым Қойлыбаев

КІМ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қазақстанның энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық басқармасы жүгінген. Мекеме арызында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалынан мемлекетке келтірілген зиянды өндіру жөнінде талап қойған.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Сотта энергетика министрлігі жауапкердің мұнай-газ кешеніндегі қызметіне кешенді тексеру жүргізгені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша Қашаған кен орнында көмірсутектер мен көмірсутекті емес газдардың көпкомпонентті қоспасын шектен тыс рұқсатсыз жағылғаны анықталған. Әкімшілік хаттама толтырылған.

СОТ ШЕШІМІ 

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы әкімшілік кодекстің 3, 5-бөлігінде (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу) көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен филиалдың шағымы қанағаттандырусыз, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, Қашаған кен орнында шикі газды шектен тыс жағу фактісі анықталған.

Заң талаптарын бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшері мемлекетке келтірілген залалдың әділ өтелуін қамтамасыз етуге бағытталған ережелер, «Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидаларымен» айқындалған. Заңда жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың талаптарын бұзу немесе жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығы салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндеті көзделгенін ескере отырып, сот уәкілетті мемлекеттік органның талап қоюын қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.