Доллар қайта қымбаттай бастады

Ulysmedia коллажы

Бірнеше күн қатарынан арзандаған доллар Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша қайта қымбаттады. 9 қарашадағы сауда нәтижесінде АҚШ валютасы 1,60 теңге өсті. Еуро мен юань да қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Доллар бағамы қайта өсті

KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 448,82 теңге болды. Бір күнде ол 0,36 пайыз өсті. Ал өткен жұмада доллар 447,22 теңгеге дейін арзандаған еді.

Еуро 0,37 пайыз қымбаттап, 502,05 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы да 0,30 пайыз өсіп, 67,2560 теңге болды.

Төрт валютаның ішінде тек рубль арзандады. Оның бағамы 0,34 пайыз төмендеп, 5,4613 теңге болды.

Бұған дейін

Алдыңғы аптада теңге долларға шаққанда айтарлықтай нығайды. Егер 30 қазанда АҚШ валютасы 453,77 теңге болса, 6 қарашаға қарай оның бағамы 447,22 теңгеге дейін төмендеді. Бес сауда күнінде доллар 6,55 теңгеге арзандады.

Дүйсенбі күні доллар қайта қымбаттағанымен, оның бағамы өткен аптадағы деңгейіне әлі жеткен жоқ. Қазір АҚШ валютасы 450 теңгеден төмен саудаланып жатыр.

Сізге қызық болуы мүмкін