Бүгін еліміздегі 4 қалада ауа сапасы ластанады

Сырым Қаржас

Синоптиктер Қазақстанның төрт қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект / Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

КЕРЕК ДЕРЕК

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайларға ластаушы заттардың таралуына жол бермейтін жеңіл жел, температураның инверсиясы және жоғары ылғалдылық жатады.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Қазақстан 2023 жылға арналған жаһандық рейтингте 134 елдің арасында 40-шы орында тұрған ауасы ең ластанған елдердің тізіміне енген болатын.

Қазақстан Республикасының ауасындағы PM2,5 ұсақ бөлшектерінің орташа жылдық концентрациясы 22,2 мкг/м³ құрады, бұл ДДҰ ұсынған қауіпсіз деңгейден 4,4 есе жоғары.