Украина Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу кешендерінің біріне дронмен шабуылдады

Сырым Қаржас

Украинаның ұшқышсыз ұшақтары Татарстандағы Нижнекамск қаласындағы Ресейдің ірі мұнай өңдеу зауыттарының біріне шабуыл жасады деген ақпарат шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Видео кадры

ВВС жазғандай, қалалық қоғамдық топтар түтін түсірілген кадрларды таратып жатыр. 

“Бұл кешеннің бір бөлігі саналатын «Танеко» зауыты екені айтылады, дереккөздердің айтуынша, қазір жұмиысшылар эвакуацияланып жатыр”, деп жазды ВВС.

Дегенмен Татарстан билігі Нижнекамскідегі зауытта өрт шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарады.

«Кейбір Telegram арналарында Нижнекамскідегі зауытта өрт шыққаны туралы ақпарат тарап жатыр! Бұл дұнақты емес! Дабыл болған жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін ұйымдасқан эвакуация жүргізіледі. Жарқырауды көрсететін бейнематериалдар - факелдердің жұмысы. Күні бұрын компания жабдықтың жұмыс режиміне жоспарланған өзгерістер туралы хабарлама таратты», - деп хабарлады Татарстан басшысының баспасөз қызметі.

Росавиация сенбіде Нижнекамск әуежайы белгілі бір уақыт аралығында әуе кеңістігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда енгізілетін «Кілем» жоспарын – жабық аспан режимін енгізгенін хабарлады. Қазір департаменттің мәліметінше, барлық шектеулер алынып тасталды.

2024 жылдың сәуірінде мұнай өңдеу зауытын украиндық ұшқышсыз ұшақтар аздап зақымдаған еді.

Нижнекамск кешені жылына 16 миллион тоннадан астам мұнай өңдеуге қабілетті Ресейдегі ең заманауи мұнай өңдеу зауыттарының бірі саналады.