14 қаңтарда интернеттің ресейлік сегментінде бірден бірнеше телекоммуникациялық провайдерлердің қызметінен ақау шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шағымдардың ең көбі Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының пайдаланушыларынан түскен. Интернетке қол жеткізу мәселелері әртүрлі тасымалдаушының, соның ішінде негізгі мобильді интернет провайдерлерінің клиенттерінде тіркелді.
Үзілістер стационарлық желілердің жұмысына ғана емес, мобильді қосымшалардың жұмысына да әсер етті. Пайдаланушылардың көп шағымы әлеуметтік желілерде және арнайы платформаларда пайда болды.
Адамдар тұрақсыз қосылымға, интернеттің баяулығына шағымданады. Интернеттегі ақауға не себеп болғаны белгісіз.
Бұған дейін Facebook, Instagram және Whatsapp желісіне қазақстандықтар да қосыла алмағанын айтып, шағымданған еді.