Прокуратура мұнай сервистік компаниялары өндірістік жазатайым оқиғаларды жасырғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Прокурорлық тексеріспен өндірістік жарақатқа байланысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдамау фактілері анықталды.
Мысалы, жұмысшының жарақаты бойынша оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қорытынды берілгеніне қарамастан, мұнай сервистік компанияның лауазымды тұлғалары бұл фактіні жасырған, – делінген хабарламада.
Тағы бір жазатайым оқиға бойынша дәл осындай жасыру фактісі орын алғаны белгілі болған. Облыс прокуратурасы жинақтаған материалдар ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп сотқа жолданды.