АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының түлегі, қазақстандық саясаттанушы Дина Шайхислам АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол бұл жаңалықты өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
“Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым”, деп жазды Шайхислам әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол президентті ұлықтау рәсімінің шақыру қағазымен таныстырды.
КЕРЕК ДЕРЕК
Дина Шайхислам – әлемдегі жетекші саяси стратегтер мен саяси кеңесшілердің бірі. Ол әлемдік көшбасшылардың сайлау науқандарын әзірлеуге көмектеседі және жетекші компанияларға халықаралық нарықтарға шығу бойынша кеңес береді. Ол сондай-ақ Назарбаев Университетінің үздік түлектерінің бірі және балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің инаугурациясын дәстүрге сай далада емес, Капитолий ғимаратында өткізуге шешім қабылдады.
Трамп Вашингтондағы ауа райы жағдайына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтты. Ол өз жақтастарын суықтап қалу қаупіне ұшыратқысы келмейтінін жеткізді.