Путин мен мен Трамптың Астанада кездесуі мүмкін бе? Белсендінің ұсталуы, сарбаз қазасы – Ұлыс апта

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Алдыңғыларының қаны суымай жатып, қазақ әскерінде кезекті сарбаз өлімі тіркелді. Дастан Құрманбек қару қолдану ережесін сақтамай, кеудесіне оқ тиіп көз жұмған дейді ресми жауапта. Бірақ туыстары оның әлімжеттіктің құрбаны болғанына сенімді. 

Ал Астанада былтыр балалары әскерде көз жұмып, енді бірі мүгедек болған ата-ана жиналды. Билікке қояр бір сұрақтары бар - “Балаларымыз неге табытпен оралады?” дейді.  

Қазақстанда «Жемқорлардың реестрі» жүргізілмек. Антикор осындай бастама көтеріп, оны мәжіліске мақұлдатып алды. Бірақ бұл мәселені қалай шешеді, Қазақстан жемқорлардан қалай тазарады, белгісіз? 

Доллар қымбаттады, бірақ неге Ұлттық Банк доллармен сақталатын депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін өсірмейді? 

Оған қоса енді бензин бағасы қымбаттап, АИ-92 маркасының литрі 300 теңге болуы мүмкін. Жанармай нарығы еркіндікке жіберілсе, қымбатшылықты кім тоқтатады? Ресейдің нарығынан неге біз қыспақ көруіміз керек? 

Көлік қыздырамын деп айыппұл астында қалмаңыз.

Путин мен Трамп келіссөзге дайын ба? Бітімгерлікке Астанамен бірге Швейцария да өз алаңын ұсынып отыр. Зеленский екеуінің шешіміне көне ме? 

Қазір соғыс алаңында не болып жатыр? Тактикалық жеңіс дұрыс па, әлде стратегиялық па? Сарапшы пікірін жазып, халықтан сұрадық. 

Бәрін тарқатып айтып береміз, бізбен бірге болыңыздар.