«Сатира – қылмыс емес»: Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шықты

Аян Өрібай

"Сатира – қылмыс емес"! Дәл осындай жазбамен бүгін Алматыда және Қостанайда екі адам пикетке шықты. Олар ұсталған @qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан, 

oyanqazaqstankz/Lukpan Akhmedyarov парақшасы

ПИКЕТКЕ ШЫҚҚАНДАР

Oyan, Qazaqstan саяси реформа талап етуші қозғалысының белсендісі Ақмарал Жәкібай Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында Темірлан Еңсебекті қолдауға @qaznews24 жеке пикетке шыққан. Бұл ақпарат қозғалыстың парақшасында жарияланды.

Бүгін Қостанайда белсенді Сергей Зинченко «Сатира — қылмыс емес» деген жазуды күртешесіне жазып, Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан. Ол да ұсталған. Бір күн бұрын Алматыда журналистер Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетов Темірланға қолдау көрсетіп, жеке пикет өткізіп, 15 тәулікке қамауға алынған.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕКТІҢ ІСІ

Бірнеше күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.