Үштөбеде полиция “10 млн теңге бопсалады” деген айыппен блогерді ұсталды

Сымбат Сатыбалдина

Жетісу облысының Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері жергілікті блогерді ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Polisia.kz

ҰСТАЛУ СЕБЕБІ

Ол қала тұрғындарына арналған үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден бұрын түсірілген сапасыз құрылыс туралы бейнероликті, әлеуметтік желідегі өз парақшасынан өшіру үшін және бұдан былай бейнематериалдарды жарияламауға әрі таратпауға уәде бере отырып, 10 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді. 

ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Нәтижесінде, Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, күдіктіні талап етілген ақшалай қаражаттың бір бөлігі, яғни – 7 млн теңгені алу кезінде қылмыс үстінде ұстады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл дерек бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.