Қазақстанның мешіттеріне Алаш арыстарының есімі беріледі

Сырым Қаржас

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасында Қазақстанның мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің, ахун-ишандардың есімі берілетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia коллажы

БАС МҮФТИ НЕ ДЕЙДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың  есімін мешіттерге береміз, – деді ҚМДБ төрағасы. 

ҚАНША МЕШІТ БАР

Қазақстанда жалпы үш мыңға жуық мешіт бар. Оның 2/3 оңтүстікте орналасқан. Мешіт саны ең көп облыс Түркістан, ең азы Қостанай облысында. М Астана қаласында 13 ақ мешіт болғанымен сыйымдылығы жоғары. Еліміздегі ең ірі бірқатар мешіт осында орналасқан.

Қазақстандағы ең ірі 5 мешіттің үшеуі Астана қаласында. Бұлар:

  • Астанадағы Бас мешіт - 30 000 (235 000 жалпы)
  • Шымкенттегі Сейітжан қари мешіті (12 000)
  • Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті - 10 000
  • Алматы орталық мешіті - 7 000
  • Астанадағы Әл Фараби мешіті - 5 000 (Астана).