Мен үкіммен келіспеймін — офицер атып өлтірген сарбаз Барқұловтың әкесі

Аян Өрібай

Маңғыстауда лейтенант Дамир Досов атып өлтірген сарбаз Марат Барқұловтың әкесі Ербол Күнтінов сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Мен сот үкімімен келіспеймін, – деді ол сот шешімі шыққаннан кейін журналистерге.

Астанада Әскери сот мерзімді әскери қызметте болған сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген жас офицер Дамир Досовқа үкім шығарған. Сот үкімімен Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Досов гвардия лейтенанты атағынан айырылды. Жәбірленушілердің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған Досовтан Барқұлованың пайдасына матераилдық залал ретінде 235 мың теңге және моральдық зиян ретінде 20 млн теңге өндірілетін болды. 

СОТ ІСІ

Еске салайық, биыл 14 ақпанда Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталған еді. Сот отырысына дау-дамаймен басталған. Журналистерді сот залына бірден кіргізбеген. Толығырақ осы тұста.  Соттағы соңғы сөзінде айыпталушы Дамир Досов қасақана өлтіргісі келмегенін, тапанша оқтаулы тұрғанын білмегенін айтқан еді.  Мемлекеттік айыптаушы оны 13 жылға соттауды сұрады.

Марат Ерболұлы Барқұлов өзінің туған ауылы – Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жерленді. Ulysmedia тілшісі сол тұста Самар ауылына барған болатын. 

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.