АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әкімшілігіне Колумбияға қарсы бірқатар санкция салуды бұйырғанын айтты. Аталған мемлекет АҚШ-тан депортацияланған мигранттарға толы америкалық әскери ұшақтарды қабылдаудан бас тартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САНКЦИЯЛАР
Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде "АҚШ-тың көптеген заңсыз қылмыскерлері бар екі репатриациялық ұшағына Колумбияға қонуға рұқсат берілмеді" деп жазды.
Трамптың айтуынша, бұл қадам АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізеді, сондықтан ол Колумбияға қарсы түрлі шараларды қабылдауға бұйрық берген, соның ішінде:
Бұл шаралар тек бастамасы, – деді Трамп.
АҚШ-тың жаңа президенті елді заңсыз мигранттардан, соның ішінде оның аумағында жүргендерді депортациялаудан құтқаруға уәде береді.
ҰЛЫ ДЕПОРТАЦИЯ
Трамп әкімшілігі күн сайын әскери ұшақтармен елден заңсыз иммигранттарды шығаруды жоспарлап отырғаны бұған дейін хабарланған еді. Бұл туралы АҚШ шекаралық қауіпсіздік басқармасының басшысы Томас Хоман мәлімдеген. Бұл «Америка Құрама Штаттарының тарихындағы ең үлкен депортация операциясы» болмақ