«Самат Әбіштің бұйрығын орындадым» деген Руслан Ысқақовқа үкім шықты

Сырым Қаржас

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот үкімімен Руслан Ысқақов 15 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Полковник Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді. 

Олар Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтпауым үшін осыған барып отыр (сотты жабық өткізу), - деген еді Руслан Ысқақов сотта сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевті қамау туралы нұсқау шетелден түскенін айтты. Алайда қай елден екенін ашып сөйлемеген.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов басқарғанын жеткізген.