Қазақстанда 311 мың қызметкердің жалақысы көтерілмек: ол үшін министрлік 32 млрд сұрады

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстандағы бюджеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге үш жылға 32 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін шамамен 32 млрд теңге сұрады. Министрлік бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің, соның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, архивариустар, орманшылар және техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыруды жоспарлап отыр.

АҚША ӘР ЖЫЛҒА ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ

Қаржыландыру үш жылға есептелген:

  • 2025 жылы – 10,58 млрд теңге,
  • 2026 жылы – 10,67 млрд теңге,
  • 2027 жылы – 10,76 млрд теңге.

Бұл ақпарат «Ашық бюджеттер» сайтында жарияланған. Алайда, қаражаттың әр санат бойынша қалай бөлінетіні әлі белгісіз.

КІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

Жоспар бойынша 311 мың қазақстандықтың жалақысы көтерілмек. Оның ішінде оңтүстік өңірдің қызметкерлері көптеп қамтылмақ: Түркістан облысында – 45,1 мың адам, Қарағанды облысында – 21,1 мың адам. Астанада 8,5 мың, Алматыда 12,6 мың, Шымкентте 8,2 мың қызметкердің жалақысы өседі.