Желге ұшқан миллиондар: 3 миллионнан астам адам құмар ойындардан шеттетілді

Аян Өрібай

Астанада туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Жиында министрдің орынбасары Мирас Төлебаев ойын бизнесі турасында баяндама жасады. Оның айтуынша, материалдық берешегі бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілген.

Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталып жатыр, – дейді ол.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Борышкерлерден бәсті қабылдау 80 фактісі бойынша 5 букмекерлік кеңсеге қатысты әкімшілік іс қозғалған. 1 субъект жауапқа тартылған. Борышкерлерден бөлек 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынған.