Қазақстан қосылған құн салығын (ҚҚС) 20%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр, алайда бірқатар салалар үшін кейбір жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кейбір салаларға ҚҚС сараланған (дифференциялды) мөлшерлемесі қолданылатынын мәлімдеді.
Кімдер жеңілдік алады?
Бірақ мұның бәрі талқыланып жатыр, егер біз алғашқы екі салаға қатысты өзіміз үшін шешім қабылдап қойсақ, қалғанын қарастырамыз. Бұл қандай әсер береді? Мұнымен айналысатын біздің уақытымыз да, жұмыс тобы да бар, деді министр.
ҚҚС
Еске сала кетсек, Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салықтың көтерілуі тауарлар мен қызметтердің бағасына қалай әсер ететінін айтты.
Бұған дейін экономист Айман Тұрсынқан ҚҚС-ты 20%-ға дейін көтеру төлем дағдарысына, бағаның өсуіне және бизнестің көлеңкелі экономикаға жаппай ауысуына әкелетінін ескерткен болатын. Оның пікірінше, қазіргі түрдегі реформа салық түсімдерінің ұлғаюын қамтамасыз етпейді, тек экономикалық тәуекелдерді күшейтеді.
Сондай-ақ белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев ҚҚС-ты көтеріп, халықтың қалтасына түспей, «аға-көкелердің» мүддесін шектеу керек дейді.
Ал Тоқаев Жұманғаринге “Қателесуге қақыларың жоқ” деп ескерту жасады.
Қазақстандықтар жарияланған өзгерістер олардың күнделікті өміріне қаншалықты әсер ететінін талқылап жатқанда, Ulysmedia редакциясы кімнің ҚҚС төлеуден босатылатынын анықтауды жөн көрді.