Астана тұрғыны лифтте ойыншық тапаншамен пранк жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 29 қаңтарда Астана тұрғыны лифтте жанжал шығарған – ол адамдарға ойыншық тапаншасын кезеніп, олардың реакциясын видеоға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.
Сотта ер адам видеоны көңіл көтеру контенті үшін ғана түсіргенін айтып, кінәсін мойындамады.
Қорытындысында Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.