Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовтың Іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Істі қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстандағы департаменті жүргізіп жатыр.
Тимур Сәдуақасов 2019 жылғы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған.