Сусындарға есірткі қосады: астаналық полицейлер қыздарға үндеу жасады

Сымбат Сатыбалдина

Астананың құқық қорғау органдары бойжеткендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ

Соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды.

Олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға, сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі.

Елорданың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады.

Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.

Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.

- Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі, дейді полицейлер.