Chevron-дағы қысқартулар: «Теңізшевройл» қызметкерлері де жұмыссыз қала ма

Сымбат Сатыбалдина

«Теңізшевройл» (TШO) бас директоры Кевин Лайон компанияның кадрлық саясатына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол Chevron-ның 2026 жылдың соңына дейін жаһандық жұмыс күшін 20%-ға қысқарту туралы шешімі Қазақстандағы «Теңізшевройл» қызметкерлеріне әсер етпейді деп сендірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаттары Chevron-ның қызметкерлерін қысқартуы Теңіз кен орнындағы жұмыс орындарына қалай әсер ететінін сұрады. Кевин Лайон бұл өзгерістер «Теңізшевройлға» қатысты емес екенін атап өтті.

- Біз – қазақстандық компаниямыз. Иә, біздің акционерлеріміздің қатарында Chevron мен ExxonMobil бар, алайда Chevron қабылдаған шешімнің Қазақстанға қатысы жоқ, деді ол.

ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫНДА ҚЫСҚАРТУ БОЛА МА

Бас директордың айтуынша, Теңіз кен орнында жұмысшыларды қысқартулар болады, бірақ ол «Келешек кеңею» жобасының аяқталуымен байланысты болмақ.

- Алайда біз алдағы уақытта жаңа нысандар мен зауыттарды іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болады, деп мәлімдеді Лайон.

Осылайша, «Теңізшевройл» басшылығы жұмыс орындарын сақтау және жаңа мүмкіндіктер ашу бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

ЖАЛАҚЫ МӘСЕЛЕСІ

Еске салайық, бұған дейін Кевин Лайон «Теңізшевройл» неге қазақстандықтарға қарағанда шетелдік қызметкерлеріне көп жалақы төлейтінін түсіндірген болатын