Қазақстанда халық пен кәсіпкерлер банктерге 40 трлн теңге қарыз

Аян Өрібай

Былтырдан қарағанда қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер кредитті 20 пайыздан артық алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

РЕСМИ ЕСЕП

Ұлттық банктің ресми есебінде 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3% ұлғайған.

КӨБІ КІМДЕ

Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0% бизнес кредиттеріне тиесілі (кәсіпкерлер бизнес мақсаттары үшін алған несие) 54%-ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.

БІР ЖЫЛДЫҚ ӨСІМ

Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6% өсіп, 18,8  трлн теңгені құраСА, халыққа кредиттер 23,7% ұлғайып, 22,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8  трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өскен. Банк секторының кредиттері жалпы несиелердің жалпы көлемінің 85,8%-н құрады.