Шошқа етінен жасалған «орыс бешбармағы» желі қолданушыларының ашуын туғызды

Сырым Қаржас

Бірнеше жылдан бері желіде шошқа етінен жасалған «орыс бешбармағының» рецепті тарап жүр. Бірақ жұрттың назары жолы ғана соған ауған, деп жазады деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ашық дереккөзден

Кулинарлық сайттардың бірінде таяуда шошқа етінен жасалған бешбармақ қызу талқыға түскен. Қазақстандағы желі қолданушылары “мұндай ас болмайды, мұндайға жол беруге болмайды” деп жаппай сынап жазып жатыр.

Ресейдің дәмханаларында шошқа етінен жасалған «орыс бешбармағы» бұрыннан бері ұсынылады екен. Алайда Қазақстанда бұл ас көп сұранысқа ие болмайтын сыңайлы. Аталған сайтта желі қолданушылары бешбармақ тек қой, сиыр және жылқы етінен жасалатынын жазысқан.

“Бұл харам”, “Шошқа етінен бешбармақты жасауға келмейді”, “Бұл не масқара” деп жазады желі қолданушылары.