Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады

Сырым Қаржас

Биылғы наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда жиыны 14 күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

«Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» заңының 3-бабына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы - мемлекеттік мереке ретінде белгіленген. Осы заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке тойланатын күндер демалыс болып саналады.

Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Бірақақ 22 наурыз сенбіге, ал 23 наурыз жексенбіге тұспа-тұс келетіндіктен, дүйсенбі мен сейсенбі демалыс күндері ретінде есептеліп, нәтижесінде қазақстандықтар бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге сейсенбі, 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болып саналады.