Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жеті жұмысшысының денесін тапты. Олардың кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу басталған.
Жергілікті жерде Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары жұмысқа кіріскен.
Шахтадағы апат
Еске сала кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдер үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.
Үкіметтік комиссия
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша сол кеште Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы трагедияны тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияға оның орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.