Экология стратегиясы қайда? Әлде сіздерге айыппұл төлей салған оңай ма – NCOC басшысы не дейді

Аян Өрібай

Бұл сұрақты бүгін мәжілістегі комитет отырысында депутаттардың бірі «North Caspian Operating Company» бас директоры Джанкарло Руюға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

“Компанияға экологиялық талаптарды орындағанша айыппұл төлей салған ыңғайлы ма? Не себепті экологияны ойламайсыздар?” деп сұралды компания басшысынан.

«North Caspian Operating Company» бас директоры депутатқа “сыныңызды қабылдаймыз” дей келе “біз атқарған жұмыстарды қарасаңыздар, 10 жылда ішкі елдің құндылықтарға назар аударылған жұмыстарды екі есе дамыттық” деп жауап берді.

Депутат тарапынан “экологиялық қателіктерді ескере келе экологиялық стратегияны қашан әзірлейсіздер?” деп сұрақ қойылған. Джанкарло Рую екі мәселені екі бөлек қарастыру керектігін (экология және ішкі құндылықтар) айтты.

Мен жазбаша түрде нақты жауап берейін. Осы екі мәселені жеке қарағым келеді. Айыппұл төлей салу оңай деген дұрыс емес – біз ондай стратегияны көздемейміз. Біз осы елде жұмыс істеп жатырмыз. Ең жақсы стандарттарға сай, заңға сәйкес, жұмыс істеп жатырмыз, – дейді ол.

КОМПАНИЯҒА АЙЫППҰЛ

Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты экологиялық кемшіліктер үшін Қашаған мұнай-газ кен орнының операторынан North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумынан 3,5 млрд теңгеден астам теңге өндіріп алу жөнінде қаулы шығарған еді. Қазақстан энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық басқармасы NCOC-қа қатысты шикі газды шамдарда нормативтен тыс жаққаны үшін талап-арыз түсірген. "NCOC филиалынан мемлекет кірісіне 726 998 611 теңге және 2 823 549 395 теңге шығынды өтеу есебінен, сондай-ақ 73 840 000 сомасындағы мемлекеттік баж өндіріп алынсын", - делінген сот шешімінде. Қаулыда бұл шешімге апелляциялық шағым берілуі мүмкін екені жазылған.