Семейде бала зорлап, 15 жылға сотталған адам түрмеден қашпақ болған

Сымбат Сатыбалдина

Семейде бала зорлап, 15 жылға сотталған адам түрмеден қашпақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Казтаг

Бұл туралы ақпарат БАҚ-тарда тараған болатын. 

ҚАЖК НЕ ДЕЙДІ

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері бұл ақпаратты растады. Сотталған адам денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілген кезінде қашпақ болған. 

- Семей қаласында денсаулығының нашарлауына байланысты азаматтық медициналық мекемеге орналастырылған сотталушы қашып кетпек болды, дейді комитет өкілдері. 

Жедел іздестіру шаралары кезінде сотталушы бірден ұсталған. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр.