Танымал әнші Джей Ло сахнада тұрған жерінен қазақстандық қызбен танысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Оқиға 20 ақпанда әншінің Абу-Даби қаласында өткен концерті кезінде болған. Шамамен бір минутқа созылған әңгімеде Джей Ло қазақстандық арудың есімін және оның қайдан келгенін сұраған.
Қазақстандық қыз есімі Бинура екенін айтып, Джей Ло оның есімін қайталауға тырысты.
- Қазақстаннан қош келдіңіздер, деді Джей Ло.
Бұл жайтқа қатысты Бинураның өзі де пікір білдірген.
- Джей Ломен аздап сөйлестік. Бүгін енді қалай ұйықтарымды білмеймін. Сондай бақыттымын!, дейді қазақстандық ару.