Өзбекстанда ҰОС ардагерлеріне 10 мың доллардан төленеді

Сырым Қаржас

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев екінші дүниежүзілік соғыс (Ұлы Отан соғысы) ардагерлеріне біржолғы төлемдер туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ/Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 10 000 АҚШ доллар, екінші дүниежүзілік соғысқа теңестірілген адамдарға 25 миллион сум, ал 1941-1945 жылдардағы еңбек майданына қатысушыларға 3 миллион сум беріледі.

Төлемдер республикалық бюджеттен қаржыландырылады, ал оларды тапсыру салтанатты жағдайда өтеді. Жарлықтың орындалуын бақылау премьер-министр Абдулла Ариповке жүктелген.

Айта кетейік, Қазақстанда ҰОС жеңісінің 80 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланған. Бұл сома шамамен 10 мың АҚШ долларына тең.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 20 қаңтарда Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 42 545 Қазақстан азаматы қалғаны хабарланған болатын.