Айына 70 темекі шегемін: алматылық балалар дабыл қақты

Сырым Қаржас

Әлеуметтік желілерде Алматының ауа сапасы күннен-күнге нашарлап бара жатқанына назар аудартқан балалардың бейнеүндеулері тарала бастады. Ата-аналар да қаладағы экологиялық ахуалға қатты аландап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. KopSoz телеграм парақшасына сілтеме жасап.

vlast.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желіде тараған бейнеүндеуде балалардың бірі «Мен 7 жастамын. Мен айына 70 темекі шегемін, ал жылына 487 темекі. Біз Алматыда тұрамыз» дейді.

Almaty Air Initiative қорының мәліметінше, оңтүстік астанада тұрып жатқан әрбір адам жылына 487 темекіге пара-пар зиянды PM2.5 бөлшектерін жұтады. Соның салдарынан балалар қаршадайынан астма және жалпы әлсіздік сияқты түрлі ауруларға шалдығады. Экологиялық ахуалдың нашарлығынан балалар арасында аллергияның түрлері кеңінен таралған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар жылдан-жылға көбейіп келеді.

Жуырда Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматы әлемдегі ең ластанған бес мегаполистің қатарына енгенін мәлімдеді.

Бізге елдегі ең көрікті әрі жанға жайлы қалалардың бірінен айырылу қаупі төніп тұр, – деп атап өтті Пономарев.