182 миллион теңге: Ақтау әкімдігі орындықтар мен қоқыс жәшігін сатып алмақ

Сырым Қаржас

«Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі 400 қоқыс жәшігі мен орындық сатып алмақ. Оған қалалық бюджеттен 182 миллион теңгеден астам қаржы бөлу көзделген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Орындықтар мен урналарды сатып алуға арналған мемлекеттік сатып алу сайтында ашық конкурстар ақпан айының ортасында жарияланды. Әкімдік екеуінен де 400 дана сатып алмақ. Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, орындықтар алуға қалалық бюджеттен 128 214 284 теңге, ал қоқыс жәшіктеріне 54 464 284 теңге қарастырылған.

Орындықтардың биіктігі кемінде 45 см, ұзындығы – 200 см, ені – 50 см, салмағы кемінде 300 кг болуға тиіс. Өнімнің салмағы кем дегенде 100 кг, - деп жазылған техникалық сипаттамада.

Тауарды пайдалану мерзімі кемінде он жыл болуға тиіс. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылатын жерді қалалық әкімдік белгілейді.