Көптен көрінбей кеткен Әлия Назарбаева жұрт алдына шықты

Сымбат Сатыбалдина

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күн кешінде көзге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видео кадры

КІМНІҢ ТУҒАН КҮНІ 

Әлия Назарбаева белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күн кешіне келген. Танымал қазақстандықтар жиналған туған күннің суреттері мен видеолары желіде пайда болды. 

- Арнайы қонақ – Әлия Назарбаева мен өзге де танымал қазақстандықтар, деп жазды әнші Ержан Нұрғалиев. 

Әлия Назарбаевмен түскен суретін Клара Күзденбаваның өзі де бөліскен. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Әлия Назарбаева Мәскеуге қоныс аударатынын хабарлаған болатынбыз. Ulysmedia.kz сайтының дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, оның Ресейде үлкен бизнесі бар, енді Назарбаева сол жақта тұрақты тұруды жоспарлап отыр.

«РОП операторы» ісіне қатысы

2022 жылы Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейін атышулы «РОП операторы» – автокөліктер мен басқа да жабдықтарды қайта өңдеу үшін төлем жинайтын компания жойылды. Бұл құрылым миллиардтаған доллар табысқа кенелген және түрлі мәліметтерге сүйенсек, бұл компанияға да Назарбаеваның қатысы бар екені айтылады.

Қаңтар оқиғасынан кейін оның үй қызметкері Шынар Мұқтарова тергеуге алынды. Алайда Әлия Назарбаеваның өзі бұл іске ресми түрде қатысы жоқ және жауапқа тартылмаған.

Отбасылық өмір

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Назарбаева үш рет тұрмыс құрған: 1998 жылы 18 жастағы Әлия Назарбаева Қырғызстанның бұрынғы президентінің  үлкен ұлы Айдар Ақаевқа күйеуге шыққан. Ерлі-зайыптылар үш жылдан кейін ажырасып кетті.

2002 жылы Әлия Назарбаева кәсіпкер Данияр Хасеновтің әйелі болды. 2015 жылы Әлия Димаш Досановпен шаңырақ көтерді. Бұл неке де сәтсіз аяқталды. Әлия Назарбаеваның төрт баласы бар.

Қаңтар оқиғасынан кейінгі өмір

2022 жылғы қаңтардағы оқиғадан кейін Назарбаевтар отбасы қоғамдық кеңістіктен іс жүзінде жоғалып кетті. Әлия Назарбаеваның отбасымен БАӘ-ге кетіп, онда ұзақ уақыт тұрғаны белгілі болды.

Енді, Ulysmedia.kz сайтының хабарлауынша, ол Мәскеуде тұруды ұйғарған, бұл оның бизнес мүддесіне де, қауіпсіздік мәселесіне де қатысты болуы мүмкін. 14 желтоқсанда Путин өзінің Ново-Огарево резиденциясында Назарбаевпен кездесіп, кездесуде Назарбаеваның көшуі мен қауіпсіздік мәселесі талқыланған.