Путин Трампқа қызық ұсыныс жасады

Сымбат Сатыбалдина

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трампқа Красноярск алюминийі мен сирек кездесетін металдарды өндіруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

РИА Новости

ҰСЫНЫС

Трамп Макронмен кездескеннен кейін баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан кезде Путин сирек жер металдары бойынша үкімет өкілдерімен кездесуді бастаған. 

Артынша Путин ВГТРК тілшісіне шағын сұхбат беріп, Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты америкалық реттеудің «жолына» түсініктеме берді. Ол, сонымен қатар, Трамп әкімшілігіне ұсыныстар жасады. 

- Егер америкалық серіктестер, соның ішінде үкіметтік құрылымдар мен компаниялар бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытса, біз оларға ұсыныс жасауға дайынбыз. Бізде мұндай ресурстар (сирек кездесетін металдар) Украинаға қарағанда әлдеқайда көп. Олар солтүстіктегі Мурманскіде, Кавказдағы Кабардино-Балкарияда, Қиыр Шығыста, Иркутск облысында, Якутияда және Тывада орналасқан. Бұл ақша көп қажет ететін инвестициялар, дейді Путин. 

Артынша Путин бірден Украина тақырыбына көшті. Ол президент Владимир Зеленскийді «украин мемлекеттілігін күйретуші» деп атады. Путиннің айтуынша, Зеленскийдің билікте болуы тіпті Ресейге «пайдалы». Алайда Украина үшін бұл «өмір сүру тұрғысынан» қиындық тудырады. Сондықтан Трамп Украинадағы саяси жағдайды «түзеу» үшін Зеленскийді сайлауға итермелегісі келеді. Киев әскери жағдай режимі тоқтағаннан кейін сайлау өткізуге мәжбүр болады, ал бұл «ерте ме, кеш пе» болатын нәрсе. 

Путиннің пікірінше, соғыс тоқтағаннан кейін Киевте нағыз проблемалар басталады.

- Зеленскийдің қанша пайыз дауыс жинайтыны маңызды емес, ең бастысы – біздің мәліметіміз бойынша, оның рейтингі ең жақын саяси қарсыласымен салыстырғанда екі есе төмен. Ол – бұрынғы Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы, Лондонға жіберілген Валерий Залужный, деді Путин.

Сондай-ақ, ол Зеленскийдің қайта сайлануға «мүлде мүмкіндігі жоқ» деп мәлімдеді.