Каспий құбыры станциясына шабуыл: Қазақстан Украинамен консультация жүргізді

Аян Өрібай

Қазақстан Каспий құбыры концорциумы станциясына жасалған дрон шабуылынан кейін Украинамен консультация өткізген. Бұл туралы энергетика министі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Консультациялар дипломатиялық арналар арқылы жүргізілді. Қазір зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр, – деді энергетика министрі Сәтқалиев.

Сондай-ақ, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы "ҚазМұнайГаз" компаниясы украин дрондарының шабуылына ұшыраған Каспий құбыр консорциумы (КТК) құрамындағы "Кропоткин" мұнай айдау станциясын қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Қазақ мұнайы тасымалданатын Ресейдегі станцияға бұған дейін дронмен шабуыл жасалған болатын. Ақпаратты энергетика министрлігі таратты. Олардың айтуынша, шабуыл жасалағанын КҚК-да растады.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" ЖЗҚ мұнай тасымалдау объектісі БПЛА шабуылына ұшыраған. Жарылғыш заттардан басқа метал зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшақ террористік шабуыл жасаған. Шабуыл объектінің жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел қызметкерлерін өлтіру мақсатында уақыт аралығымен жасалды.

Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы стратегиялық нысандарға соққы бергенін ресми түрде растады.

РЕСЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

Ресейдің тергеу комитеті Украина қорғаныс министрлігінің арнайы қызметінің, қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне қарсы іс қозғаған. Олар Украинаның бақылауындағы аумақта және қылмыстық бұйрықтарды орындай отырып, азаматтық инфрақұрылым объектілері бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасады деп айыптады.