Ауа райына байланысты екі облыстағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
26 ақпанда сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығындағы учаскесінде (СҚО шекарасы - Жақсы а.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
СҚО
26 ақпанда сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 846-856 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тахтарброт ауылының бұрылысы - Ақмола облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.