Қазгидромет көп өңірде қар жауады, күн -25°C дейін суитынын ескертті

Сымбат Сатыбалдина

Синоптиктер 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ / Ұлысмедиа

АУА РАЙЫ

Алдағы күндері оңтүстік циклон әлі де ҚР аумағының басым бөлігіне өз ықпалын сақтап қалады. Боран мен қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

ҚАР

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да көп қатты жел соғуы мүмкін. 

Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.