Астаналық әйелдерге 8 наурызға орай 9830 теңгеден беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
2,5 АЕК
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.
АҚША КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ
Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, былтыр астаналық көпбалалы әйелдерге 9230 теңгеден берілген болатын.
ТҮРІКМЕНСТАНДА 8500 ТЕҢГЕ
Еске салайық, бұған дейін Түрікменстанда 8 наурызға орай әйелдерге 60 манат (17 доллар) шамамен 8500 теңгеден берілетінін хабарлаған едік.
Ақшалай сыйлық мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер, зейнеткерлер, әлеуметтік жәрдемақы алушылар, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейіндегі студенттер – балабақша тәрбиеленушілерінен бастап докторанттарға дейін алады.